
Үшқоңырдың ұланы
Geschichtenbeschreibung
Іле Алатауының баурайында өткен балалық шақтың әсерлі хикаясы. Бұл туынды отбасылық жылулықты, еңбекқорлықты, үлкенді сыйлау мен адамгершіліктің асыл құндылықтарын бала жүрегіне ұялатады.

Іле Алатауының баурайында өткен балалық шақтың әсерлі хикаясы. Бұл туынды отбасылық жылулықты, еңбекқорлықты, үлкенді сыйлау мен адамгершіліктің асыл құндылықтарын бала жүрегіне ұялатады.
2. Мәтінді оқы. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әжесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Анасы Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға үйретіп, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Нұрсұлтанның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге келді. Бірақ бала Нұрсұлтанның есінде сол кезеңнің қысқаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер… Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар… Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғаумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ.