Бұл кітап – Қабанбай батырдың жастық шағы мен қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы әңгімелейтін тарихи хикая. Кітапта батырдың ерлігі мен батылдығы, Отанға деген сүйіспеншілігі мен қаһармандық рухы суреттеледі. Кітап сізді батырдың батылдығына тәнті етіп, қазақ халқының тарихына үңілуге шақырады.
Ерасыл – кішкентай кезінен батыр болуға дайындалған бала. Ол Тарбағатай тауының етегінде дүниеге келді. Оның бойындағы күштілігі мен қайсарлығын байқаған жеңгелері оған Нарбала деп ат қойды.
Ерасыл әкесінен айырылып, жас кезінен жаумен алысуға мәжбүр болды. Ол ағасының кегін қайтару үшін жаудың арасына батылдықпен кіріп, жау батырын өлтірді.
Ерасыл батырдың ерлігі ел аузында аңызға айналды. Ол қазақ халқының намысын қорғап, оны жаудан азат ету жолында өмірін сарп етті.
Prompt di generazione(Accedi per vedere il prompt completo)
Қабанбайдың азан шақырып қойылған аты – Ерасыл. Оның дүниеге келуі де, өсуі де, ержетуі де кәдімгі адамдардың туу, өсу табиғатынан ешқандай өзгеше емес. 1691 жылы қаңтар айында( бұрынғы Семей облысы) Қазір Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Тарбағатай тауының бөктерінде дүниеге келген. Тоғыз таңбалы Найман тайпасы ішіндегі Төлегетайдың төрт баласының Қаракерей руының Байыстың Байжігіт тармағынан. Аңыз бойынша Байжігіт би Тоқтарқожаұлы он төрт жасында билікке араласқан. Бұған нағашы атасы Байыс бидің ықпалы мен тәрбиесі зор болған.Әсіресе туған анасы Мақта әжей өз дәуірінің айтулы ақыны әрі шешені болған.Осындай көпжақты тәрбие және тамаша қоғамдық орта Байжігітің билікке ертерек араласуына мүмкүндік жасаған. Өзінін әділдігімен, ділмарлығымен, ақыл-парасатымен «әділетті ұлыс би» атанған. Байжігіт биден Тоғас,Мәмбет,Жұмық аталары тарайды. Мәмбеттен Өмір, Күшік, Қожақұл, Қарақұрсақ тарайды. Қабанбайдың денесінің ірілігіне қарап жеңгелері Нарбала деп атапты. Өйткені, он үш жасар кездерінде үйретіп мінген тайлары мөңкімек түгіл, қайқаң қағып, қайысқан күйі тәлтіректей теңселіп, оның әзер көтеретін көрінеді. Ерасылдың аяқтары мініп келе жатқан тайының еңселілігіне қарамай, жер сызып отырады екен. Әкесі Қожақұлдың үш ұлы болған, Есенбай,Есенаман,Ерасыл – кенжесі. Әкесі батыр болыпты. Қалмақ басқыншылармен соғыста қаза тапқан.Есенбай деген ағасын жылқы бағып жүрген жерінен қалмақтар өлтіріп кеткен. Жас бала,ешқашан жауынан тайынбайтын, жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген, жылқысын тонаған жонғар батырын өлтіріп кек алған. Кейін әкесін өлтірген жонғардың батырын жекпе-жекте өлтірген. Жаудан әкесінің кегін алған соң, соғыс тактикасымен, ерлігімен, шеберлігімен, Ізбасар атанған кезі де болған. Міне, бұл Қабанбай батырдың ең алғашқы ерлігі еді. Осыдан кейін Ерасыл Алтайдағы Керей ішіне кетіп апайы мен жездесінің қолында болады. Ол кезде Жонғар хандығының қазақ даласына бағытындағы соғыс экспансия жандануы еді. Жонғар қонтайшыларын әсіресе Жетісу төңірегінің жайылымдық жерлері мен оңтүстік Қазақстанның сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Қазақ және жонғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді. Жонғарлар – қазақ елінің оңтүстік шығысынан төнген ең қауіпті жау болды. Көшпелі жонғар қалмақтары қазақтардың оты, суы мол, құнарлы жайылымы көп, кең байтақ жеріне қызықты. Қазақ жерін жаулап алу үшін тынымсыз соғыстар жүргізген. Қазақ халқы тарихында қайғы-қасіретке ұшыраған ең ауыр жылдар «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама», « Ақ қайың сауған, тышқан жыл»(1723-1727) деп аталады. Қазақ елінің басынан өткен бұл қайғылы кезең «Қаратаудың басынан көш келеді» деген халық өлеңінде терең бейнеледі. Қанша қиыншылық көрсе де, алайда басқыншы жау қазақ халқының сағын сындыра алмады. Қазақтар өздерінің атамекенін жоңғар шапқыншыларынан қорғап, дұшпанға кеткен есесін қайтару жолындағы күресін тоқтатпады. Жапон тарихшысы Зокота «Ресей мен Орта Азия» деген кітабында қазақтардың осы күресі туралы былай деп жазады:сол кезде жонғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткенімен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойында жонғарлармен табан тірескен тек қазақтар болды». Қабанбай батырдың басқа батырлардан ерекшелігі, ол – ұлтын сүйген ерекше нар тұлға. Ол 18-ші ғасырдағы қазақ батырларының ішіндегі дарасы. Қазақ – жонғар соғысында аты әйгілі қазақ батырлары көп болған, бірақ солардың ішінде аты да, заты да бір бөлек, көп батырдың жетекшілік ету ретінде үздік қара болып көзге түскені Қаракерей Қабанбай еді. Қабанбай батыр – қазақтың біріккен қолының қолбасшысы, данқты батыр. Қабанбай – ержүрек, батыл батыр, талай ауыр соғыс сыннан өткен, оның бүкіл өмірі халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Қазақ даласын, қазақ елін жонғар шапқыншыларынан құтқару барысында Қабанбай өзінің туыстарының барлығын ұйымдастыра білген. Қабанбай әулетімен батыр болған. Туған-туысқандарымен бірге жаумен шайқасқан. Қабанбай батырдың інілерінің бірі жыр-дастандарда айтылатын «Ту алып, тұлпар мінген ер Даулетбай» дейді. Жұмық Саты баласы Дәулетбай Қабанбай мен бірге қалмақтарға қарсы шайқастың алғы шебінде жүріп ерлік пен көзге түскен батырдың бірі болған. Қабанбай Алтайдағы керей жерінде жүргенде Қарақұрсақ, Болат, Дәулетбай, Тама, Жаныс елге қайтарып алып келген. Бүкіл қазақ даласында болып өткен ірі-ірі шайқастардың бәріне қатынасып, өзінің ерен ерлігі нәтижесінде Қабанбайдың есімі мен қаһармандығы аңызға айналып кеткен. Жасында Нарбала атанған қаһарман тұлға өз өмірінде талай-талай жекпе-жекке түсіп, сол жекпе-жектердің бәрінде жеңіс бермеген жойқын күштің иесі болған, өзі салған соғыстарда өте көп жекпе-жекке шығып, талай қалмақты жер жастандырған нағыз қас батырдың өзі болған, ол жекпе-жек ұрыстарда жеңіліп көрмеген халық қаһарманы, қайратты да талантты батыр. Қаракерей Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болмаған. Қабанбай батыр осындай сұрапыл шайқастарға қатынасып, сол жекпе-жекке 103 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Қазақ батырларына бас, ерлік істерге ұйытқы болған ұлы қолбасшы өз кезеңінде атты әскер соғысының мықты стратегі, жекпе-жектің тендесі жоқ шебері болған. Осылайша есімі елге танылған Қабанбай қазақ жерін жаудан азат етуде алпыс жыл ат үстінен түспеген. Ұлтымыздың белгілі ақыны, ағартушысы Мәшһүр Жүсіп Көпей (1858-1931) дана : «Қазақта Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр болған емес» - десе, татардың (1829-1913) әйгілі ғалымы Құрбанғали Халид «Шығыстың бес тарихы» деген еңбегінде : «Абылай ханның дәуірінде батыр және әскербасы болып келген адамдар – Қаракерей Қабанбай батыр, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр,Еспембет батыр, Матай Шөнкей батыр,Керей Жәнібек батыр,Бура Ақбантай батыр,Қанжығалы Бөгенбай батыр, Бәсентиын Малайсары батыр және басқалар. Бұлардың әрқайсысы батырлықтарымен асқақ атақ, абырой алған болса да,олардың батырлығынан өресі биігі Қабанбай батыр еді» деп жазған.