Он екі жасар білімқұмар әрі батыл қазақ қызы Дараның Еуропа елдеріне жасаған ұмытылмас саяхаты туралы әсерлі хикая. Париждің әсем мұнарасынан бастап Швейцарияның қарлы шыңдары мен Венецияның сиқырлы каналдарына дейінгі қызықты оқиғалар жас оқырмандарды жаңа белестерге шабыттандырады. Бұл кітап әлемді тануға деген құштарлық, достық пен отбасы жылуы туралы жарқын естеліктерге толы.
Prompt de geração(Faça login para ver o prompt completo)
Қазақ тілінде 10 беттен тұратын балаларға және жасөспірімдерге арналған әдемі суретті кітап жаса. Кітаптың атауы: «Дараның Еуропаға ғажайып саяхаты» ЖАНРЫ: Саяхат, шытырман оқиға, көңілді демалыс, танымдық әңгіме. БАСТЫ КЕЙІПКЕР: Дара есімді қазақ қызы. Ол 12 жаста, өте көңілді, ақылды, батыл және саяхаттауды жақсы көреді. Үстінде әдемі саяхат киімі, арқасында кішкентай рюкзагы бар. Барлық 10 бетте Дараның сыртқы келбеті бірдей сақталсын. КІТАПТЫҢ ОҚИҒАСЫ: 1-БЕТ. АРМАННЫҢ БАСТАЛУЫ Дара бір күні терезеден аспанға қарап, Еуропаны аралауды армандайды. Кенет анасы оған тосын сый жасап, Еуропаға билет сыйлайды. Дара қатты қуанады! 2-БЕТ. ПАРИЖ ҚАЛАСЫ Дара Францияның Париж қаласына келеді. Ол әйгілі Эйфель мұнарасын көреді. Мұнараның жанында суретке түсіп, француз круассанының дәмін татады. 3-БЕТ. РОМАНТИКАЛЫҚ ВЕНА Дара Австрияның Вена қаласына барады. Әдемі сарайларды, үлкен ғимараттарды аралайды. Көшеде классикалық музыка тыңдап, қаланың сұлулығына таңғалады. 4-БЕТ. ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ТАУЛАРЫ Дара Швейцарияға келеді. Биік қарлы тауларды, көгілдір көлдерді көреді. Тауда пойызбен саяхаттап, табиғаттың керемет көрінісіне тамсанады. 5-БЕТ. ИТАЛИЯНЫҢ ДӘМДІ ТАҒАМДАРЫ Дара Италияның Рим қаласына барады. Колизейді тамашалайды. Нағыз итальяндық пицца мен балмұздақ жеп, итальяндық мәдениетпен танысады. 6-БЕТ. ВЕНЕЦИЯНЫҢ СУ КӨШЕЛЕРІ Дара Венеция қаласына келеді. Ол қайықпен каналдарды аралайды. Көпірлерді, әдемі үйлерді көріп, гондоламен қызықты саяхат жасайды. 7-БЕТ. ГЕРМАНИЯНЫҢ ЕРТЕГІ ҚАЛАСЫ Дара Германияға барады. Ескі қамалдарды, әдемі көшелерді аралайды. Жергілікті адамдармен танысып, жаңа достар табады. 8-БЕТ. НИДЕРЛАНДЫНЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚТАРЫ Дара Нидерландыға келеді. Түрлі түсті қызғалдақтар алқабын көреді. Велосипедпен серуендеп, жел диірмендерін тамашалайды. 9-БЕТ. СОҢҒЫ САЯХАТ – ЛОНДОН Дара Ұлыбританияның Лондон қаласына барады. Big Ben сағатын, қызыл автобустарды көреді. Темза өзенінің жағасында серуендеп, саяхатының ең қызықты сәттерін еске алады. 10-БЕТ. ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛУ Дара Қазақстанға оралады. Ол отбасына Еуропадағы қызықты оқиғаларын айтып береді. Альбомына саяхат суреттерін жинайды. Дара енді әлемнің басқа елдерін де аралауды армандайды. КІТАПҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Барлық мәтін қазақ тілінде, сауатты әрі түсінікті болсын. Әр бетте 3–5 сөйлемнен тұратын қызықты оқиға болсын. Әр бетке оқиғаға сәйкес үлкен, әдемі иллюстрация жасалсын. Суреттер Pixar стиліндегі сапалы 3D мультфильмге ұқсасын. Дараның киімі, шашы, бет-әлпеті барлық бетте бірдей болсын. Әр елдің шынайы көрікті жерлері дұрыс бейнеленсін. Мәтін суреттің үстіне оқуға ыңғайлы, қатесіз орналастырылсын. Әр бетте нөмірі болсын. Мұқабасы ерекше әдемі болсын. Кітап балаларға қызықты, көңілді және шабыт беретін болсын. Ең бастысы: бұл жай ғана елдер туралы мәлімет емес, Дараның басынан өткен шынайы сезімдерге толы қызықты саяхат хикаясы болсын.