Set during the difficult years of World War II, this touching story follows Ayan, a resilient orphan boy with a gentle soul and a limp, who arrives in a new village bringing nothing but his grandmother's brown cow and a treasure trove of captivating stories. Through his imagination, kindness, and incredible storytelling, he transforms the lives of the local village children, proving that hope and friendship can bloom even in the harshest terrains. A beautifully moving tale about childhood memories, resilience, and the enduring power of imagination.
In the warm, hazy memories of a distant childhood, a pale, slender boy named Ayan runs behind the other children, dragging his injured left leg across the dusty ground. Whenever the group gets too far ahead, he calls out in a gentle, pleading voice, promising to tell them a story even more wondrous than the day before.
It was the summer of 1942 when Ayan and his elderly grandmother first arrived in the village, seeking refuge with distant relatives after his father went to the front lines and his mother passed away. They brought nothing with them but their few belongings and a single brown cow with a small calf, settling quietly into the rural community.
On a breathless, windless day, the village children split into two teams to play war, wrapping dry dirt in scraps of paper and throwing them at each other until the air is thick with floating gray dust. Squinting through the suffocating haze, they charge at one another with wild battle cries, completely absorbed in their fierce, imaginary battlefield.
Suddenly, Sadyk, the leader of the village children, stops mid-motion and points toward a clean, neatly dressed boy standing a short distance away in a crisp white shirt and dark shorts. The playtime battle halts instantly as the dusty, ragged group crowds around the newcomer, staring curiously at his pristine clothes and his perfectly trimmed bangs.
A local boy named Esikbai makes a sharp, teasing comment about the new kid's fine hair, causing the rest of the children to burst into uncomfortable snickers. Ayan blushes deeply and turns away, but Sadyk quickly steps in to break the tension, welcoming him by asking about his family's brown cow and asking for his name.
When Ayan softly introduces himself, the children repeat his name in a low murmur to make sure they remember it, instantly feeling a bond form. Sadyk reaches out with his soot-covered hand to grab Ayan’s clean wrist, proudly inviting him to be friends and promising to show him the best swimming hole in the village.
As they walk together toward the water, the arrival of a new friend turns into a grand celebration, prompting every boy to loudly boast about his own talents to impress Ayan. Sadyk brags that he can hold his breath underwater while counting to sixty, while a quiet boy named Kosym proudly mentions a beautiful white shirt hidden away in his mother's trunk.
The boasting quickly turns sour when Esikbai, a tall and aggressive bully known for picking fights, shoves Kosym aside and trips him onto the hard ground. Kosym pushes himself up with scraped, stinging knees, tears welling in his eyes as Esikbai continues to mock him and aggressively push him away from the group.
The mean confrontation escalates into a brief, painful scuffle, ending with Kosym getting hurt and crying loudly as he runs back home to safety. The rest of the children watch in silence, uncomfortable with the sudden cruelty but eager to move past the tension of the bully's outburst.
Despite the rocky afternoon, the children spend the rest of the day swimming in the cool pond, basking in the golden sunshine, and playing along the banks until dusk. By evening, Ayan's kind heart, quick wit, and gentle nature shine through, making him feel like an irreplaceable part of their close-knit group.
Prompt de geração(Faça login para ver o prompt completo)
Сайын Мұратбеков Жусан иісі 1 Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деген жалынышты үнін естимін. Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек. ...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қадай шағарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» – деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олыр кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» – Садық кілт тоқтай қап:– Әй, анау кім-ей? – деген. Бәріміз сол нұсқаған жаққа қарадық. Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды. Ойынды тастай сала бәріміз бірдей топырлап жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей бір-бірімізді кимелеп, қоршалай тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ 1 екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетімізден ит талағандай алым-жұлым, алқа-салқамыз. «Бұл кім-ей? Қайдан келген-ей?» – деп бірімізді біріміз түртпектей береміз. Өзіне бастан-аяқ шұқшия қарап шықтық. Ол да сынағандай әрқайсымызды бір-бір шолып өтті. Біздің ұсқынсыз түрімізге көңілі толмаған сияқты, шолақ танауын тыржитып қойды. Қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды. Кекіліміз жоқ бізге оның сол қылығының өзі кереметтей сүйкімді көрініп, қызыға қарадық.– Кекілін қара-ей, өзінің, жаман әліне қарамай, – деп қағытып өтті Есікбай. Біз күлкіміз келмесе де оның сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күлдік. Жаңа келген бала қызараңдап теріс айналып кетті. – Ә... Мен білдім, – деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың алдын орай өтіп: – Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? – деді.– Иә, – деді томсырайып тұрған бала оның сөзіне күлімсіреп. – Қоңыр сиырымыз бар.– Атың кім?– Аян. Біз, бәріміз, тегіс ұмытып қалмайық дегендей: «Аян, Аян»... – деп күбірлесе қайталап қойдық.– Жүр, жолдас боламыз, – деді Садық оның аппақ білегінен қап-қара қолымен ұстай алып. Аян оның қолына қарады да қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты. – Сендер жақ ыстық екен. Суға түспей қалай шыдайсыңдар? – деді. – Түсеміз. Анау арада тоспа бар. Жүр, түсейік. Суы во!.. – деп Садық ауылдың жоғарғы жағындағы шұңқыр-тоспаны жерге сыйғызбай мақтай жөнелді. Аян бізге қосылып солай қарай жүрді. Ауылға жаңа баланың келуі біз үшін нағыз мереке болатын. Әрқайсымыз оның көзіне түсіп қалуға тырысушы едік. Сондықтан бірімізден-біріміз артық көрінбек боп, әй кеп мақтанатынбыз.– Мен судың астында алпысқа дейін санап жата аламын, – деп бөсті Садық.– Менің де мынадай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді, – деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та. 2 Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан оны тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:– Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді. Есікбай – сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Қазір де ол Аянның алдында қыр көрсеткісі кеп:- Тырнағының қайсы – ей, мысық? – деп, Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп ұшып түсті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Біраз жүргеннен кейін Есікбай оның басынан түйе тоқай ала бастады. Жылап жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті. Сол күні біз суға түсіп, күнге қақталып, кешке дейін тоспа басында ойнадық. Аян бұрыннан таныс адамдай етене боп кетті. Ол өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұра