"Атымтай Жомарт" әңгімесі - 品德教育

"Атымтай Жомарт" әңгімесі

评分人数不足

故事简介

Бұл кітап сізді жомарттық пен қарапайымдылықтың терең мағынасына жетелейді. Жомарт есімді кейіпкердің өмірі арқылы байлықтың шын мәнін және еңбектің қадірін үйренесіз. Ізгілік пен қарапайымдылықтың керемет күшін сезініп, осы әдемі хикаядан шабыт алыңыз!

语言:kk
发布日期:
分类:品德教育
阅读时间:3 分钟

关键词

生成提示词

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді: — Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейді: — Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиіреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, – деді.

该作者的其他作品

评论

加载中...