Батыр Баян - 历史故事

Батыр Баян

评分人数不足

故事简介

Қазақ даласының жүрегінен шыққан батырлық пен достықтың таңғажайып оқиғасына еніңіз. Дана хан мен оның ержүрек жауынгерлері аңызға айналған Батыр Баянды қалай күткенін көріңіз. Бұл оқиға Бурабайдың әдемі табиғаты аясында батылдықты, бірлікті және командалық рухты тойлайды.

语言:kk
发布日期:
阅读时间:1 分钟

关键词

生成提示词

БІРІНШІ ТАРАУ Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да. Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға. Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар Әдемі ертегідей баяғыда. Әдемі еткенді ойлап айнымасам, Сұм өмір күшті уын аяды ма? Ертегі уатпай ма баланы да, Сөз сиқыр той, жазбай ма жараны да? Ақын да бір бала той айға ұмтылған, Еркімен өзі ақ отқа барады да. Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда, Қанды ор боп ақын жолы қалады да. Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын, Күрсініп көзіне жас алады да. Ақында адамзаттан дос болмайды, Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына. Мен де ойды ағытамын қаламыма, Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ, Көз болсын қандай қыран, талады да. Ішінде сары дария көз тоқтатар Көкшетау - Сарыарқаның аралы да. Көкшеде күні кеше қойдай өрген Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да. Айрылып асау, ерке аңдарынан, Көкшенің тас жүрегі жаралы да! Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға Бөлектеу: «Ой, бауырым!»- дер анадайда. Оқжетпес найза қия — қыранға ұя, Қарасаң, жанның шері тарамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға. Бурабай — Арқа аралы, жер еркесі, Ертеде қоныс болған Абылайға. Бауырында Бурабайдың қалың ағаш, Көкшенің жалыменен біткен жалғас. Арудың ақпен өрген тұлымындай Қарағай, қызыл қайың, тал аралас. Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш, Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш! Қабірінен әулиенің алашқа артық, Ертеде Абылайға орда болған ағаш. Ордасын сол ағаштағы Абылайдың Меккедей тәуеп қылған тамам алаш. Қиын күн туған алаш баласына, Шұбырып жапанның сар даласында, Кез болған, жаудан үркіп, «Ақтабанға», Дұшпанның қалғандай боп табасына. Арқаға аяқ салып, түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына. Күндерде сонау қара, тапсырған ел Тағдырын Абылайдай данасына. Сол күнде ел қорғаған Абылайдың Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына. Алыстан орыс, қытай — ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Артында — ор, алдында – көр, жан-жағы жау, Дағдарған алаш енді қайда бармақ? Сол кезде елге қорған болған Абылай, Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап. Күндердің бір күнінде хан Абылай Қалмаққа (ойына алды) ойран салмақ. Ханынан «Аттан!» деген сөз шыққан соң, Ордаға батыр, билер келді андап. Жиылды өңшең ноян ығай-сығай, Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай, Ту баста Абылайды хан көтерген Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай, Ашуы жауған қардай, шөккен нардай Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай, Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі Аузынан жалын шашқан жас Жанатай, Найзасын нажағайдай ойнататын Жас барыс бәсентиін Сарымалай. Балталы, екпінді оттан Оразымбет, Сырғалы, шапшаң оқтан ер Елшібек, Өзіне тірі жанды тең көрмейтін Тәкаппар Қошқар ұлы ер Жәнібек, Қалданға ханмен бірге тұтқын болған Жолдасы Абылайдың батыр Жібек, Майданда от шашқандай оқ шашатын Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет — Осындай өңшең көкжал жиылысты Күңіреніп жолбарыстай: «Жау қайда?»- деп. Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр, Айтатын өрлеп барып аспанға сыр. Бұқар мен Тәттіқара жырлағанда, Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр. Осылай думанменен күндер өтіп, Батырлар ерікті енді жатқанға құр. Аттан деп әлі айтпаған Абылайға Көкжалдар дей бастады:«Жүр енді, жүр!» Алайда Абылайдан сөз болмады, Сондықтан бұғып, бықсып туды күбір. Жиналған өңшең бөрі Бурабайға, Алаштың, Кебесіндей ізгі жайға. Батырлар бұғаудағы арыстандай, Абылай тұңғиық бір терең ойда. Бәрі де ел қорғаны — батыр, билер, Аттанбай тек жатудан таппай пайда: «Жүрелік, жау басынар!» деген сөзбен Салады Қанай биді Абылайға. Би Қанай: «Бұ қалай?»— деп бастағанда, Абылай сұрайды одан: «Баян қайда? «Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудын албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян? Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»— Деген соң ойы теңіз хан Абылай, Аяңдап батырларға қайтты Қанай. Байлаулы бөрілерді аза қылмай, Кестелеп, сөзбен сипап айтты Қанай. Күңдеу ме, көтеру ме, кім біліпті, Батырлар десті жалғыз: «Баян бала-ай!» Көкшенің бауырында өңшең көкжал Күңіреніп күтіп жатты күндер талай. «Жау!» десе, жатпайтұғын батыр Баян, Апырм-ай, келмеуінің мәні қалай? Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді, Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей көрмеп пе еді?! Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді? Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді? Бұл жолы кешігуі жай емес қой, Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі! Арқада бір өзенді дер Обаған, Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған. Уақтың ерте күнде өжет-қайсар Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған. Сол ері ерте күннің — Ер Көкшенің Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. Баянның ер ағасы батыр Сары, Қос қыран тізе қосып жауын қуған. БАТЫР БАЯН ШЫҒАРМАСЫНА КІТАП ЖАСАП БЕР

评论

加载中...