Дана атты кішкентай қызбен бірге кітапханалардың ғажайып әлеміне саяхат жасаңыз! Бұл әдемі суретті кітап ежелгі папирустардан бастап Қазақстанның Ұлттық кітапханасына дейінгі кітап қоймаларының бай тарихын ашады. Білімге деген сүйіспеншілікті оятатын және оқудың құндылығын көрсететін қызықты оқиға.
Ең бірінші кітапхана осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған.Ежелгі мысырлықтар папирус қағаздарға жазған.Қазақстанда ең бірінші кітапхана 1883 жылы Семейде ашылған.Кітап қорында 260 том кітап қоры болған. Қазақстан Республикасындағы ең ірі кітапхана-Ұлттық кітапхана.Ол Алматы қаласында орналасқан.Кітапхана 1931 жылы ашылған.кітапхананың алғаш директоры- мемлекет қайраткері-Ораз Жандосов болды.Ораз Жандосов кітапханаға қазақ тіліндегі басылымдарды жинаған.Кітапхана рухани байлықты сақтаушы-ұлттық кітап қоймасы.Кітапханаға 1991 жылы "Ұлттық кітапхана" деген ат берілді.Кітапханаға 1 жылда 1 миллиондай оқырман келеді,2 миллиондай кітап қолға беріледі.кітапханада 14 оқу залы жұмыс істейді.Қазақстан республикасының Ұлттық кітапханасы-әлемдегі ірі кітапханалардың бірі.Ұлттық кітапхананың ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен салынған.ол Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің туындысы.