Қамшы туралы аңыз
Story Description
Қазақ халқының бай мұрасының бір бөлігі – қамшы туралы керемет саяхатқа қосылыңыз. Бұл кітап сізді қамшының тарихымен, мәдениетімен және маңыздылығымен таныстырады, оның қазақ өміріндегі рөлін көрсетеді.
Қазақ халқының бай мұрасының бір бөлігі – қамшы туралы керемет саяхатқа қосылыңыз. Бұл кітап сізді қамшының тарихымен, мәдениетімен және маңыздылығымен таныстырады, оның қазақ өміріндегі рөлін көрсетеді.
Қамшы–қазақ халқының ең көне құралдарының бірі. Ол ата-бабамыздың күнделікті өмірінде үлкен рөл атқарған. Қамшыны қазақтар мал бағу, ат үйрету, тіпті қорғану үшін де қолданған. Сондықтан қамшы– халқымыздың тұрмысын, салтын көрсететін бағалы мұра. Ерте заманда қамшыны табиғи материалдардан–былғарыдан, қайыстан, жылқы қылынан жасаған. Шеберлер оны мықты да әдемі етіп өретін. Қамшының сабына өрнек салып, иесінің жасына немесе дәрежесіне сай етіп жасайтын. Батырлар мен билердің қамшылары ерекше әшекейлі болып, олардың айбындылығын білдірген. Қамшының салт-дәстүрдегі орны. Қамшы–қазақтар үшін жай ғана құрал емес, киелі бұйым болған. Тәрбиелік мәні. Балаларға қамшы сыйлап, оларды батыл, шыдамды болуға үйреткен. Ырымдар. Жолаушының жолы болсын деп қамшыны босағаға іліп қоятын. Сыйлық. Қамшыны қадірлі қонаққа сыйға тарту–үлкен құрметтің белгісі болған. Қазір қамшы күнделікті тұрмыста көп қолданылмаса да, ол ұлттық мерекелерде, тойларда, бәйге мен көкпар жарыстарында көрініп тұрады. Сонымен қатар, шеберлер қамшыны кәдесый ретінде жасап, ұлттық өнерді танытып жүр. Қамшы–тек құрал ғана емес, ата-бабамыздың өмірінен сыр шертетін асыл мұра. Біз қамшыны зерттей отырып, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін жақсырақ түсінеміз. Сондықтан қамшыны қадірлеу –аталар мұрасына деген құрмет. 2.2 Қамшының тәрбиелік мәні Қамшы–тек шаруашылық құралы ғана емес, қазақ халқының тәрбие мектебінің маңызды бөлшегі. Ол ер балаға батылдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін дарытса, қыз балаға әдептілік пен сыйластықты үйретуде символдық рөл атқарған. Атқа міну мәдениетінде де қамшыны дұрыс қолдану – жауапкершілікті, тәртіпті қалыптастырған. Жас ұрпақты еңбекке, батылдыққа баулу. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесінде қамшыны еңбекке баулу құралы ретінде пайдаланған. Балалар атқа мініп, шаруашылыққа араласқан сәттен бастап қамшыны ұстауды үйренген. Бұл олардың еңбекқорлық, батылдық және жауапкершілік сезімдерін арттырып, болашақта ел қорғаушы, отбасының тірегі болуына ықпал еткен. Әдеп пен тәртіптегі қамшының символдық мағынасы. Қамшы қазақтың әдеп-ғұрпында да үлкен мәнге ие. Мысалы: Қамшыны төрге ілу – бейбіт ниетті білдіреді. Үйге қамшымен кіру – әдепсіздік саналған. Жолаушыға қамшысын сыйлау – құрметтің белгісі. Дау-дамайда қамшы тастау – бітімге келудің, татулықтың нышаны. Осы дәстүрлер арқылы қамшы тәртіп пен әдептің сақталуына ықпал етіп отырған. III.Зерттеу бөлімі 3.1 Қамшының түрлері Қамшы түрлері. Қазақ қоғамында қамшы бірнеше мақсатта қолданылғандықтан, оның да түрлері әртүрлі болған. Негізгі түрлері: Дәстүрлі қамшы–күнделікті тұрмыста және мал шаруашылығында пайдаланылған. Сәндік қамшы–көрнекілік үшін жасалып, ою-өрнектермен әшекейленген. Салттық қамшы–ұлттық дәстүрлер мен салт-жораларда қолданылған. Мысалы, бата беру, қыз ұзату, немесе билік белгісі ретінде ұстау. Қамшыны өрімдеу өнері: Қамшы өрімі – шеберлікті қажет ететін ұлттық өнер. Өрімнің түрлері: Жай өрім – 3-5 таспа теріден өріледі, тұрмыстық қолдануға ыңғайлы. Қос өрім – 7-9 таспадан өріліп, берік әрі әсем болып шығады. Күрделі өрім – 13 және одан да көп таспадан өріліп, негізінен сәндік немесе сыйлыққа арналған қамшыларға қолданылады. Қамшы жасауға қолданылатын материалдар: Қамшыны сапалы әрі берік ету үшін табиғи материалдар пайдаланылады: Тері-негізінен сиырдың, өгіздің немесе жылқының иленген терісі қолданылады. Сүйек пен мүйіз – сап (сабы) мен ұштық бөлігін сәндеуге арналған. Металл әшекейлер – сәндік қамшылардың әдемілігін арттырады. Жүн немесе жіп – өрімді берік байлауға пайдаланылады. 3.2 Қамшы жасау– тәжірибелік жұмыс Мен өз қолыммен кішкентай сәндік қамшы жасап, оның қалай жасалатынын үйрендім. Барлық құралдарды үлкендердің көмегімен пайдаландым. Қажетті заттар. Мен қолданған материалдар: 3 дана ұзын жіп (әрқайсысы шамамен 60 см) Қолға ыңғайлы ағаш таяқша (10–12 см) Жіп – байлау үшін Моншақ – әшекейлеу үшін Қажет болған құралдар: Қайшы Сызғыш Желім (анам көмектесті) Қамшыны жасау қадамдары. 1. Дайындық Алдымен таяқшаны ұстап көріп, ыңғайлы екенін тексердім. Содан кейін жіптерді бірдей ұзындықта өлшеп, кесіп алдым. 2. Таспаларды байлау. Үш жіпті қатарлап, таяқшаның ұшына мықтап байладым. Жіптердің түбін желімдеп қойдық. 3. Өру. Алдымен сол жақтағы жіпті ортаға апардым. Сосын оң жақтағы жіпті ортаға апардым. Осылай қайталап, барлық ұзындығын өріп шықтым. Соңында ұшын тағы жіппен мықтап байладым. 4. Әшекейлеу. Қамшым әдемі болсын деп моншақ тағып, түрлі түсті жіппен орап шықтым. Өлшеу. Қамшымды сызғышпен өлшедім: Жалпы ұзындығы – ___ см Сап ұзындығы – ___ см Өрім ұзындығы – ___ см Мен өз қолыммен кішкентай қамшы жасадым. Өру сәл қиын болды, бірақ қайталап үйреніп алдым. Қамшым жеңіл әрі әдемі болып шықты. Бұл жұмыс мені шыдамдылыққа үйретті және ұлттық бұйымдарды жақсы көруге көмектесті. қамшының түрлері. қолданылуы суреттермен